[ӘБ] Әсет Бейсеуов мектебі

  • Подписчики: 131 подписчиков
  • ID: 77449595
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
закрытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
aset.beiseuov

Описание

Бейсеуов Әсет Көпбайұлы (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарталы ауылы - 20.3.1996, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1991). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960). 1961 - 1964 ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім, 1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер, 1966 - 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім, 1967 - 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды. 1969- 1974 ж. "Гүлдер" ансамблінде, 1974 - 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді. Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді. Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972).